Қазақстандық JAC халықаралық марапатқа ие болды

Қазақстандық JAC халықаралық марапатқа ие болды

Allur компаниялар тобының құрамына кіретін JAC MOTORS QAZAQSTAN 2024 жылдың қорытындысы бойынша JAC брендінің ең үздік дистрибьюторы атанып, халықаралық деңгейдегі ең жоғары марапатқа ие болды.

Аталған марапат 2025 жылғы 18–21 сәуір аралығында Қытайдың Хэфэй қаласында өткен серіктестер конференциясы аясында табысталды. Бұл шараға 100-ден астам ел мен аймақтардан өкілдер қатысты. Мұндай жоғары баға қазақстандық өкілдіктің брендтің шетелдік серіктестері арасында тұрақты және сенімді позицияға ие екенін айғақтайды.

Марапат негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі, дилерлік желінің кеңеюі, сату көлемінің артуы және клиенттерге көрсетілетін сервистің сапасын жақсартқаны үшін берілді.

2024 жылы Allur компаниялар тобына кіретін JAC MOTORS QAZAQSTAN сенімді өсімді көрсетті: сатылым 56,7%-ға артып, 11 771 автокөлікке жетті. Бұл көрсеткіш брендтің Қазақстандағы ең көп сатылатын алдыңғы бес автокөлік маркасының қатарына енуіне мүмкіндік берді.

JAC-тың дилерлік желісі де айтарлықтай кеңейді — бір жылдың ішінде 40,9%-ға кеңейіп, еліміз бойынша 31 дилерлік орталыққа жетті. Бұл бренд автокөліктерінің қолжетімділігін арттырып, өңірлердегі клиенттер үшін сервистік қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік берді.

Басты марапаттан бөлек, компания бірқатар халықаралық жүлделерге де ие болды:

  • Corporate Client Development Award – корпоративтік сатылымдарды дамыту және клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатудағы кешенді жұмыс үшін берілді;

  • The Product Business Operation Award 2025 – Passenger Cars - жеңіл автокөлік модельдік қатарын табысты басқару үшін берілді;

  • JAC Qazaqstan қосалқы бөлшектер департаменті сатудан кейінгі қызмет көрсетуді дамытуға және сервис сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін арнайы марапатқа ие болды.

JAC MOTORS QAZAQSTAN алдағы уақытта да дилерлік желіні дамыту, сату көлемін арттыру және клиенттік тәжірибені жақсарту бағытындағы стратегияны жалғастырып, JAC брендінің Қазақстандағы орнықты қатысуын нығайта бермек.

Басқа жаңалықтар

Жаңартылған лифтбек JAC J7 Plus. Қазақстанда әлеуетті бестселлердің бағасы хабарланды

Жаңартылған лифтбек JAC J7 Plus. Қазақстанда әлеуетті бестселлердің бағасы хабарланды

Жаңа үлгінің шыққаны туралы брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan компаниясының тұсаукесерінде белгілі болды.
Қазақстанда жаңа JAC JS4 кроссоверінің тұсаукесері өтті!

Қазақстанда жаңа JAC JS4 кроссоверінің тұсаукесері өтті!

Алматыда жаңа JAC JS4 моделінің тұсаукесері өтті. Автокөлік JAC модельдер желісіндегі мүлдем жаңа дизайн мен стильдің соңғы тұжырымдамасын көрсетеді.
JAC T6 – Қазақстандағы ең көп сатылатын пикап!

JAC T6 – Қазақстандағы ең көп сатылатын пикап!

JAC T6 пикапы сенімді түрде шыңға көтеріліп, елдегі пикаптар арасында сатылым бойынша №1 болды!
JAC жаңа дәуірге қадам басуда

JAC жаңа дәуірге қадам басуда

Қазақстандағы брендтің 10 жылдығына орай JAC жаңартылған логотипі мен визуалды стилін ұсынады.
Толықтай электрлі JACe-JS4 қазір Қазақстанда!

Толықтай электрлі JACe-JS4 қазір Қазақстанда!

Қазақстандық электромобиль нарығы байып келеді: JAC брендінің ресми дистрибьюторы тартымды дизайнды, заманауи технологияларды және қолжетімді құнды біріктіретін жаңа JAC e-JS4 электромобилін таныстырды.
JAC модельдер қатарындағы жаңа флагмандық кроссоверінің Қазақстандағы премьерасы!

JAC модельдер қатарындағы жаңа флагмандық кроссоверінің Қазақстандағы премьерасы!

Алматыда JAC JS6 жаңа прогрессивті кроссоверінің тұсаукесері өтті.
JAC T9 сатыла бастады: Қостанай қаласында"Jańa Dala/Green Day '2024" шарасында жаңа пикап көліктің тұсаукесері өтті

JAC T9 сатыла бастады: Қостанай қаласында"Jańa Dala/Green Day '2024" шарасында жаңа пикап көліктің тұсаукесері өтті

Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan-ның ресми дистрибьюторы JAC T9 пикап көлігінің сатылымының басталғаны туралы хабарлады.
JAC фирмалық жабдықтары-сенімділік және практикалық!

JAC фирмалық жабдықтары-сенімділік және практикалық!

Кунг жүкті элементтерден қорғайды және сіздің көлігіңіздің жұмысын жақсартады.
Автограф сессия с Асу Алмабаевым от бренда JAC 01.06.2025

Автограф сессия с Асу Алмабаевым от бренда JAC 01.06.2025

JAC Қазақстанда 10 жыл: өсу, сенім және алға қадам басу онжылдығы

JAC Қазақстанда 10 жыл: өсу, сенім және алға қадам басу онжылдығы

2025 жылы JAC бренді Қазақстан нарығына шыққанына 10 жыл толады.
Алматыда дизайны жаңартылған және жайлылық деңгейі арттырылған JAC JS6 кроссоверінің таныстырылымы өтті.

JAC рейтингтерді жаулап алуда!

JAC рейтингтерді жаулап алуда!

JAC қытайлық автомобиль брендтері арасында сату көлемі мен танымалдығы бойынша жетекші орынға ие

Сервиске жазылу

Бізбен байланысу

Қолдау қызметі

Қолдау қызметі

Тест-драйвқа жазылу

Тест-драйвқа жазылу

Сервиске жазылу

Сервиске жазылу